Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Кітапхана тарихы

 

 

Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің негізі ауданның құрылуымен тұстас 1939 жылы қаланды. Архив құжаттарында 1946 жылы кітапхана меңгерушісі Базаркүл Сәрсенбаева, 1948 жылы Андақұлова болғандығы туралы дерек бар. 1950 жылы аудан кітапханаларындағы кітап қоры 20 мың дана болды. Кітапхананы Ормаханова Дәмеш басқарды .

         1979 жылы аудан кітапханалары «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» болып қайта құрылды. Штат бірлігі көбейіп, төмендегідей бөлімдер ашылды.

— Кітаптарды жинақтау және толықтыру бөлімі

— Әдістеме-библиографиялық бөлімі

— Оқырмандар бөлімі           

1953-1975 жылдар аралығында кітапханалар саны- 31-ге жетіп, кітап қоры- 120 мың дана болса, 1975-1990 жылдары кітапханалар саны-33, кітап қоры-220 мың данаға жетті.

         Орталықтандарылған кітапханалар жүйесі құрылғаннан бастап  Исабекова Роза, Қойшығұлова Алмагүл, Төлегенқызы Баян кітапханалар жүйесінің директоры болып жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап бұл салаға Меңдібаева Ұлмекен  басшылық жасап келеді.

         1990 жылдардың екінші жартысында оңтайландыру саясаты тұсында шалғай елді мекендердегі кітапханалар қысқарды. Сөйтіп 1997 жылы аудан бойынша 18 кітапхана қалды.

          Бүгінгі таңда кітапхана жүйесінің кітап қоры – 374221дана кітап, оқырман саны – 18840.

Қазіргі заманғы кітапханалар ақпараттар мен құжаттарға сұранысты орындау қашықтық пен сұраныстағы ақпараттың орналақсан жеріне тәуелсіз, пайдаланушылардың түгеліне дерлік қолжетімді болу керек.  Мобильді технологиялар – бұл кітапхананың жаңа қызметі, тәжірбиелік біліктілік, келешек. Қазіргі заманда адамдар интернет желісіне ұялы телефондар және компьютерлер көмегімен кіріп, керек ақпаратқа қол жеткізе алады. Осыған орай  аудандық кітапханада  2016 жылдың 12 шілдесі күні  «Мобильді кітапхана» ашылды.

 

Ауылдық кітапханаларды көтеру мақсатында  2013 жылы Бұқарбай ауылдық кітапханасы, 2014 жылы Таң ауылдық кітапханасы, 2016 жылы Мәдениет және Аққұм ауылдық кітапханалары, 2017 жылы Еңбек, Есет батыр ауылдық кітапханалары, 2018 жылы желтоқсан айында Жүргенов, Жаңадария, Шәменов ауылдық кітапханалары  «Модельді ауылдық кітапхана»  болып ашылды.

Кітапханалардағы Коворкинг орта­лық­та­ры­ның ашылуы – оқырмандар үшін жақсы жаңалық. Яғни дем­алыс орнына айналады. Ковор­ки­нг орталықтарының ашылуы – кітапхананың қызмет көрсету деңгейін еуропалық тәжірибеге не­гіздеу мақсатында қолға алы­нуда. Осы орайда 2018 жылы аудан орталығындағы кітапханада COWORKING орталығы ашылса, үстіміздегі жылы  Мәдениет, Аққұм,Таң, Есет батыр, Еңбек ауылдық  кітапханаларының жанынан  COWORKING орталығының ашылу рәсімі өтті.

Еуропа елдерінде бірнеше жыл бойы көше кітапханалары жұмыс істеп келеді. Ол жерден кез-келген азамат ұнатқан кітабын алып кете алады. Ол үшін оқырман билеті керек емес. Осыған ұқсас жоба  2018 жылы Жалағаш ауданында қолға алынып, «Көше кітапханасы» ашылды.  Кітап сөресі ауданның «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мен аудандық емханасының  ауласына орналастырылды. Ұнатқан кітапты алып кетуге болады. Жұмыс уақыты шектеусіз – түскі үзіліссіз, демалыссыз.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі жан-жақты ақпаратқа және білімдерге оқырмандардың жедел қол жетімін қамтамасыз ете отырып, қызмет көрсететін ақпараттық орталығы болып қызмет етуде. Кітапханалардың баға жетпес бай қоры көптеген еңбектердің бастау бұлағына айналып, тәуелсіз мемлекетіміздің рухани кемелдікке жетуіне салмақты үлес қосуда.

 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі «Цифрлы Қазақстан» жобасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қалыптастыру, жетілдіру, азаматтардың тиісті ақпараттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық кітапханалар жүйесі біршама жұмыстар атқаруда. Атап айтсақ кітапхана РАБИС бағдарламасының «Каталогизатор» модулі бойынша кітаптардың библиографиялық сипаттарын жүйеге енгізіп, әдебиеттерді электронды каталогқа құю арқылы жұмыс жасап отыр.

Қазіргі заманғы кітапханалар ақпараттар мен құжаттарға сұранысты орындау қашықтық пен сұраныстағы ақпараттың орналақсан жеріне тәуелсіз, пайдаланушылардың түгеліне дерлік қолжетімді болу керек.  Мобильді технологиялар – бұл кітапхананың жаңа қызметі, тәжірбиелік біліктілік, келешек. Қазіргі заманда адамдар интернет желісіне ұялы телефондар және компьютерлер көмегімен кіріп, керек ақпаратқа қол жеткізе алады. Осыған орай  аудандық кітапханада  2016 жылдың 12 шілдесі күні  «Мобильді кітапхананың» ашылуы  өтті. 

Модельді кітапханалар

1.Бұқарбай ауылдық кітапханасы 2013 жылы модельді кітапхана болып  белгіленді.

  1. Таң ауылдық кітапханасы 2014 жылы модельді кітапхана болып ашылды.

3.Аққұм және Мәдениет ауылдық кітапханалары 2016 жылы модельді кітапхана болып ашылды.

4.Еңбек және Есет батыр ауылдық кітапханалары 2017 жылы модельді кітапхана болып ашылды.

5.Есет батыр және Бұқарбай батыр ауылдық кітапханалары мобильді мультимедиалық кітапхана болып ашылды.

6. 2018  жылыЖаңадария, Шәменов, Жүргенов ауылдық кітапханалары модельді кітапхана болып ашылды

 

                                                                                                  Онлайн орталықтары

  Мәдениет  және Аққұм ауылдық кітапханалары 2015 жылдың наурыз-сәуір айларында онлайн орталық кітапхана болып ашылды.

Қазіргі уақытта сонымен қатар оқырмандарға кітаптарды электронды нұсқада оқу, аса құнды сирек кітаптар мен өлкетану құжаттарын сақтау үшін кітаптардың электрондық көшірмесін жасау, оған қашықтықтан пайдалануды қаматамасыз ету жұмыстары жүргізілуде және жергілікті баспадан шығатын басылымды сандық форматқа көшіру, виртуалды анықтама, веб-сайт арқылы кітапхана сайтына кіріп қордағы әдебиеттер мен іс- шараларды қашықтықтан оқып отыруға мүмкіндік жасалған.

Сонымен қатар қазіргі заман талабына сай жоғары сұраныстағы құнды кітаптар мен өлкетану әдебиеттерін электронды форматқа көшіру процесі арқылы жұмыс жүргізіліп, кітаптар сандық форматқа көшірілуде.

Аудандық кітапханада оқырмандар үшін Мегалайн жүйесі арқылы ғаламтор қызметін тегін пайдалану мүмкіндігі жолға қойылып және 2014 жылдан бастап оқырмандарға виртуалды анықтама қызметін көрсету мақсатында өз Веб-сайтын ашты. Сайтта кітапхана тарихы, «Өлкетану», Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауы, кітапханада өткізілген мәдени іс-шаралар мәліметі, жаңа кітаптар тізімі парақшалары орналасқан. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы парақшасы ашылды. Веб-сайт мағынасына қарай жүйеленген әртүрлі өзекті материалдармен қамтылған ақпараттық ресурстар ретінде пайдаланушылармен байланыс жасап, жаңалықтар жаңартылып отырады.

Арнайы кітапханалық автоматтандырылған бағдарламамен, сұранысқа қолжетімділігін қамтамасыз ету және ауыл тұрғындарына сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету. Ұлттық –рухани құндылықтарды , жеке тұлғаларды өмір жолымен таныстырып , жас ұрпаққа кеңінен насихаттап, кітапхана мен оқырманды, оқырманмен белгілі тұлғалар арасын жақындастыру мақсатында 2018 жылдың қаңтар айынан бастап «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында «Цифрлы Қазақстан — кітапхана дамуына жаңа серпін»  жобасыжәне«Өркениетке бастаған туған өлке»жобалары жұмыс жасауда.

«Рухани қазына — 2022» республикалық фестивалінде  Аққұм ауылдық кітапханасы «Үздік ауылдық  маңызы бар кітапхана» номинациясын иеленсе,  Мәдениет ауылдық кітапханасы «Jana kitaphana — 2022» республикалық онлайн байқауына қатысып, «Заманауи кітапхана» номинациясы бойынша  Қазақстан Республикасының үздік кітапханасы атағына ие болды. Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілген «Жыл кітапханашысы -2022» облыстық байқауынан  оқырмандар бөлімінің меңгерушісі  Ешімова Жансұлу Ғабитқызы 2 орынмен марапатталды.