Беркімбай Калпе Бекниязұлы (1909, қазіргі Жалағаш ауд., Ақсу а.- 1977, Жалағаш кенті)- әулие, бақсы, халық емшісі. Алла тағаланың құдіретімен жас кезінен-ақ бойына ерекше қасиет дарып, ел-жұртқа таныла бастаған. Бабалар аруағы оның жігіт шағында өз шаңырағында отбасымен тіршілік етуіне мүмкіндік бермей ел кезіп, таза аруақ жолымен өмір сүруге мәжбүр еткен. 6-7 жылдай жыраққа кеткен әулие туған ауылына оралған шақта арқасында салмағы 3 пұттай (48кг) тас болған. Ол діннің ордасы болып табылатын Бұхара, Самарқан, Ташкент шаһарларында және көптеген әулиелі жерлерде осы тасты төсімен қағып, көкке лақтырып, керемет өнерін көрсеткен. 1975 ж. дарияның суы тасып, сең буып, Жалағаш қыстағын су алатын қауіп төнгенде, Беркімбай калпе дарияға жиырма рет сүңгіп шыққанда, сең бұзылып, мұз еріп, су өз арнасына түседі. Ол сондай-ақ ұстамалы дертке шалдыққан, жын иектеген науқастарды, бала көтермеген бедеу әйелдерді емдеген. Шоққа қыздырылған қып-қызыл кетпенді тілімен жалап, аузымен су бүркіп, буымен дерттіні ұшықтаған. Ішкі ағзасы ауыратын науқасқа азанғы аш қарынға ерітілген бір немесе екі сапар кесе сары май ішкізіп, емдеген. «Май әулие, майсыз жарылқайтын қай әулие» деп мақалдап отырады екен. Алақанымен сипап та, қамшымен дүрелеп те, назарын салып та емдейтін қасиеті болған. Зікір салып, науқас адамның иығында жүгіріп жүргенде салмағы емделушіге білінбейді екен. Қайнап тұрған суға қолын малып, қазандағы буы бұрқыраған ыстық палауды, сорпасы бүлкілдеп пісіп тұрған етті қолымен араластырады екен. Әулиенің бұл кереметтерін Мәскеуден, Алматыдан келген ғылыми-этнографиялық экспедициялар теледидарға түсіріп алған. Беркімбай калпе мазары Ақсу ауылының шығыс жақ шетінде. Басында түнеухана салынған, шырақшысы (үлкен қызы Сәрсенкүл) бар.
Қалжан Ахун Бөлекбайұлы (1862-1916, Сыр бойы)- дін қайраткері, дін ілімін жете меңгерген ғұлама ұстаз. Қалжан ахунның арғы тегі Ақтөбе обл. Жаманқарғалы деген жердегі Табын руынан шыққан. Әкесі Бөлекбай жігіт кезінде Қарақалпақстандағы туыстарына келіп, сол жерде үйленіп, қалып қояды. Кейін Қарақалпақстандағы қазақ жұртына басшылық жасайды. Хиуа хандығының бегі болады. 1875 ж. 90 жасында дүниеден қайтқан. Қалжан ахун Хиуа қаласындағы діни мектепте, кейін 1879 ж. Көкілташта оқып білім алған. Араб, парсы тілдерін жетік білген. Осында Сырдарияның Қорқыт Ата аймағынан келген Ораз ахун Бекетайұлымен сырлас дос болады. Қалжан ахунның білімдарлығын танып-білген Ораз ахун оған қызы Зәйтекті қосып, 1890 ж. оны шыққан тегі бір табындардың ортасына (Жалағаш қыстағына) алып келеді. Қалжан ахун ширек ғасыр бойына өзінің атымен аталатын мешітте (қазір, Қалжан ахун мешіті) имам болды. Ол патша әкімдерінің қудалауына ұшырап, түрмеге қамалған. Өз мешітіндегі қорымда жерленген. Қалжан ахунды Балқы Базар, Тұрмағамбет, Шоңбай ақындар жырға қосқан.
Мәмбет әулие 1862-1882жж. аруақ қонған әулие. «Шәменов» ауылының «Көктонды» шоқысының маңында дүниеге келген. Ел аузында Мәмбетке бала шағында ұсталық қасиеттің қалай қонғаны жайында аңыз бар. Ұсталықпен қоса емшілік қасиет те дарыған көрінеді. Ол таз адамның басын қолымен бір сипағанда жазып жібереді екен. Қараөзек бойындағы Мәмбет әулие зиратына түнеп, перзент сұрағандардың тілектері орындалған деседі.
Мүсірәлі баба Жәдікұлы Мүсірәлі сопы әзиз, (ХҮІІ ғ-дың екінші жартысы- ХҮІІІ ғ-дың басы)- Үш жүздің пірі, діни қайраткер, әулие. Керейт руынан шыққан діндар, сопылығы мен тақуалығына орай Әжіқожа, ал оның ұрпақтары керейт қожа аталып кеткен. 1680 ж. Күлтөбеде Тәукені хан сайлағаннан кейін қазақ билері Мүсірәліні үш жүзге ортақ пір етіп жариялайды. Есіміне сопы әзиз атағы қосылады. Мүсірәлі қазақ халқының әдет-жосындарының жиынтығы «Жеті жарғыны» әзірлеуге қатысты деген деректер кездеседі. Мүсірәліның 6 баласының бірі Қосымқожа да, оның ұлы Әбужәлел де пір болған.
Мырзабай Ахун Азаматұлы шамамен 1833, қазіргі Жалағаш ауд., Сырдарияның сол жағалауында дүниеге келген.1916 жылы қайтыс болған. Ол — діндар ғұлама, әулие, емші. Ауылда мұсылманша сауат ашып, Бұхарадағы «Көкілташ» медресесін бітірген (1854). Біраз жылдар Бируни қаласының маңындағы Тақтакөпір деген жерде ұстаздық құрған. Елге оралғаннан кейін мешіт ұстап, шәкірт тәрбиелеген. Өзімен тұстас белгілі кісілерге арнап төрттаған жырлар шығарған.
Мысық би (Есенжол)-(т.ж.-ө.ж.б.), қазіргі Жалағаш ауданы көлемінде ХҮІІІ ғ-дың соңы мен ХІХ ғ-дың жетпісінші жылдарына дейін өмір сүрген би. Тоқберлі табын. Қоқан, Хиуа шапқыншылықтарына қарсы Байқадам, Бұқарбай батырлармен үзеңгілес болып күресті. Елді шешен тілімен ұйытып ұйымдастыра білді. Мысық би туралы деректер Алматы, Орынбор мемлекеттік архивтерінде кездеседі. Қазіргі Мақпалкөл ауылдық округі көлемінде Мысық би көлі, Мысық би белгісі бар. Шәменов ауылынан Далдабай ауылына дейін қазылған Мысық арығы деген бар. Мысық кесенесі шәргелтайдан 17 км. қашықтықта Қуаңдария елді мекенінің қасында орналасқан.
Түмен Тәуіп Қаражігітұлы (шамамен 1825-1879 жылдары ө.с.)- әулие, халық емшісі, тәуіп. Түмен тәуіптің шешесі үш жүзге пір болған, жеті өлікке жан берген Мүсірәлі сопы әзиздің кенже баласы Қосым қожа әулиенің қызы. Ел аузындағы аңыз әңгімелерге қарағанда, Түмен тәуіпті 5-6 жасар кезінде-ақ аруақтар қамқорлыққа алып, 12 жасында біржолата қоныпты. Бала Түмен иығына дорбасын іліп, жаздай төбелерден, дарияның жағалауынан, сексеуілді орман-тоғайлардан, Қарақұм алқаптары мен Нұралықтан түрлі шөптерді жинап, шипалы дәрілер әзірлеген. Жүгері, арпа, сұлы дақылдары мен ас тұзының да, асқабақ, қарбыздың да шипалық қасиетін тапқан. Сол сияқты төрт түлік малдан бастап, жабайы аң-құстардың бойында да адам ағзасына қуат беретін дарулық қасиеттер бар екенін анықтап, емге қолдана білген. Түмен тәуіп асқан қобызшы, күйші де болған. Мұңды, сиқырлы да сазды болған деседі. Түмен тәуіптің қобызы қазіргі шырақшысы, Муса бақсының баласы Қостайдың үйінде сақтаулы. Түмен тәуіптің басына тұрғызылған үйтам қазір мүжіліп, қирай бастаған. Зиярат етушілер түнейтін қонақүй салынған.
Дәуітбаев Төлеген 1893 жылы Жалағаш ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Қызылорда қаласында қайтыс болған. Ол — қоғам қайраткері. Шымкенттегі мұғалімдер даярлайтын дайындық курсын (1916), инспекторлар даярлайтын арнайы курстарды (1917) бітірген. 1920-26 ж. мектепте мұғалім, директор, 1927-30 ж. Қазалы ауд. атқару комитетінде жауапты хатшы, төрағаның орынбасары, 1930-33 ж. Оңт. Қазақстан обл. Мақтаарал ауданында ұжымшарлар одағының төрағасы, 1937-39 ж. Қызылорда обл. атқару комитетінің жер бөлімінде сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1940-43 ж. Сұлутөбе мех. училищесінің директоры, Сырдария ауд.жер бөлімінің меңгерушісі, 1943-52 ж. Қазалы ауд. атқару комитетінің төрағасы, 1952-55 ж. обл. шаруашылық мекемесінде, обл. қамсыздандыру бөлімінде (1955-59) басшылық қызметте болды. Кейінгі жылдары Сырдария ауданының Киров шаруашылығын басқарды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үш дүркін депутат болды.
Сарбасов Хамза 1895 жылы Аққұм ауылында туған. 1947 жылы сонда қайтыс болған.Ол — қайраткер. 1904-09 ж. Аламесектегі түземдік мектепте оқыған. 1916-20 ж. І-дүниежүз. соғысқа, Азамат соғысына қатысқан. 1920-27 ж. ауд. халық ағарту бөлімінде меңгеруші, 1933-34 ж. Ташкент, Алматы қалаларындағы музыка техникумдарында директор болды. 1934-36 ж. Қызылорда дәрігерлік техникумының директоры, обл. халық ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1937 ж. саяси қуғын-сүргінге ұшырап, 1938-42 ж. Колыма қаласында айдауда болды. Елге оралған соң ұстаздық қызметпен айналысты.
Жүргенов Темірбек Қараұлы 1898 жылы Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылында туылған.1938 жылы Алматыда қайтыс болған.Ол — мемлекет қайраткері. Тұрмағамбет Ізтілеуов ұстаздық еткен ауыл мектебінде сауат ашып, кейін Аламесектегі орыс-қазақ мектебінде, Перовскідегі (Қызылорда) Суханский атынд. училищеде бастауыш білім алған. 1917 жылы Уфа жер-шаруашылық училищесіне оқуға түскен. Осында оқып жүріп қоғамдық өмірге белсене араласты, студент жастардың әлеуметтік қозғалыстарына қатысты. 1918 жылы «Қазақ мұңы» газеті редакциялық алқасының құрамына енді, Торғайдағы кеңестер съезін шақыру бюросының мүшесі болды. 1919 жылы Ырғыз уезі Кенжеғара болысы рев. комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалған. 1920 жылы БК(б)П қатарына өтіп, Ырғыз уездік рев. комитетінің, уездік жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары атқару комитетінің төрағасы болып сайланды, 1921-23 жылы Орынборда жұмысшы ф-тінде оқыды. 1923 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемл. университетінің құқық ф-тіне оқуға жіберілді. Осында оқып жүріп, ол Қазақ АКСР-інің Түркістан Республикасындағы толық өкілетті өкілі болып тағайындалды, Қазақ АКСР-і мен Түркістан Республикасының ОАК-теріне мүше болып сайланды, өлкелік және респ. партия ұйымдарының конференциялары мен пленумдарына қатысты. Орт.Азияда құрылған республикалар аумағының ұлттық-аумақтық межеленуіне атсалысты. Бұл мәселе төңірегінде «Еңбекші қазақ», «Советская степь» газеттеріне мақалалар жариялады. 1926 жылы Ташкенттегі Қазақ пед.институтының директоры болып тағайындалды. Институтқа акад. В.В.Бартольд, проф. С.Е.Малов секілді ғалымдарды шақыртып, институт жұмысын жандандыруға күш салды. Жоғары оқу орындарына арналған саяси экономия және құқықтану пәндері бойынша оқу құралдарын қазақ тіліне аударды. Қазақ термелерінің жинағын құрастыруға ат салысты. 1929 жылы Тәжікстан үкіметінің қаржы комиссары, 1930-33 жылы Өзбекстан үкіметінің халық ағарту комиссары, 1933-37 жылдары Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметтерін атқарды. Ол Қазақстанның Халық ағарту комиссариаты жұмысына С.Аспандияров, Қ.Жұбанов, Ғ.Мүсірепов сияқты қайраткерлерді тартты. Жүргеновтің тікелей араласуымен «Қазақстанда мектеп жүйесін реттеу және қазақ орта мектептерін көбейту туралы» қаулы қабылданып, қазақ орта мектептерінің саны артуына негіз қаланды. Жүргенов Халық ағарту комиссариатын ұлттық мәдениетті өркендету штабына айналды. Ол 1934 жылы Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-слетін, 1936 жылы Мәскеудегі Қазақстан өнері мен әдебиетінің онкүндігін негізгі ұйымдастырушылардың бірі болды. Онкүндік кезінде республикамыздың өзге де мәдениет қайраткерлерімен бірге Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Жүргенов — ұлттық мәдениет пен өнер саласы мамандарын даярлауға көп көңіл бөліп, қазақ жастарының КСРО-ның орт. қалаларындағы оқу орындарында білім алуына көмек көрсетіп отырды. М.Әуезов, Ж.Шанин, Ә.Қастеев, т.б. қайраткерлердің шығарм. жұмыспен айналысуына жағдай жасады. Жүргенов Қазақстанда алғашқы музыка театрын (Қазақ опера және балет театры) ұйымдастыруға үлкен үлес қосты. Қазақ әндері туралы А.В.Затаевичке көптеген мәліметтер берді. 1937 жылы КСРО Жоғ. Кеңесіне депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Осы жылы 3 тамызда «халық жауы» деген жалған айыппен ұсталып, РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 10,11- тармақтары бойынша ату жазасына кесілді. КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының 1957 жылы 18 сәуірдегі шешімімен кінәсіз жазаланғаны анықталып ақталды. 1993 жылы Алматыдағы Қазақ ұлттық өнер академиясына Жүргенов есімі берілді. Алматы, Қызылорда қалаларында, Ақтөбе обл. Ырғыз ауд. мен Қызылорда обл. Жалағаш ауд-нда Жүргенов есімімен аталатын мектеп, көшелер бар. 1998 жылы Жүргеновтің 100 жылдығы республика көлемінде аталып өтті. Туған жері Жалағаш кентінде ескерткіш орнатылды.1938 жылы ақпан айында Алматы облысында қайтыс болды.
Тайшаев Жақай 1897 жылы Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Қызылорда қаласында қайтыс болған. Қоғам қайраткері. 1917 жылы Қазан төңкерісіне қатысып, Ә.Жангелдин отрядына қатысқан. БРОАК-нің жанынан ашылған пулеметшілер курсында оқыды.1920 жылдың қыркүйегінен 1921 жылдың наурызына дейін В.И.Ленин кабинетінің сақшысы болған. 1924 жылы Сарысу облысында рев.комитетінің төрағасы, кейіннен қытаймен шекарада басмашыларға қарсы күреске қатысқан. 1925 жылы екі жылдық партия кеңес мектебін бітірген соң, «Қосшы» ұйымының жұмысына араласқан. 1930-1933 жылдары Мәскеудегі Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде оқыды. 1934-1941 жылдары Түрксіб т.ж бастығы болды. Жақай ақын А.Тоқмағамбетовтың «Сақшы» поэмасында, жазушы С.Жүнісовтің «Өлірара», «Ақ қасқырлар қамаған Қызыл Керуен» повестерінде бас кейіпкер ретінде суреттелген.
Бердәулетов Әбдірәшит 1898 жылы Жалағаш ауданы, қазіргі Шәменов ауылында дүниеге келген. 1937 жылы қайтыс болды. Ол — қоғам қай-раткері, ағартушы мұғалім, қаламгер. Алматы қаласындағы коммунистік жоғарғы партия мектебін оқып бітірген (1934). Жиырмасыншы жылдарда аудан көлеміндегі мектептерде бала оқытқан. Аудандық, облыстық партия комитетінде жауапты қызметтер атқарған. Көкшетауда газет редакторы, 1934 жылы «Қызыл Түркістан» ауданаралық газетінде бас редакторы және Түркістан аудандық партия комитетінің мүшесі болған. 1937 жылы қараша айында сталиндік репрессия құрбаны болып ұсталып, сөйтіп хабарсыз кеткен. Отыз жылдан кейін Ә.Бердәулетов толық ақталып, партиялылығы қалпына келтірілген. Ә.Бердәулетов есімімен оның туған жері Шәменов ауылындағы №34 орта мектеп аталады. Қызылорда қаласында Ә. Бердәулетов атындағы көше бар.
Ермағанбетова Шекер 1903 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген. 22.1.1986 жылы А Алматыда қайтыс болды. Ол- қоғам қайраткері. Кеңес партия мектебін (1932), Жоғары коммунистік ауылшаруашылық мектебін бітірген. Еңбек жолын 1928 ж. Қызылордада инспектор болып бастаған. 1938 жылға дейін Шымкент (Оңт.Қазақстан) обл. партия комитетінде әйелдер бөлімінің меңгерушісі, Қазалы ауд. атқару комитетінің төрағасы, Жаңақорған ауд. партия комитетінің 1-хатшысы болып істеді.1938 және 1955 ж. Қазақ КСР Жоғ. Кеңес Төралқасы Төрағасының орынбасары (1938-55) болды. 1955-59 ж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасында марапаттау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.Жалағаш ауданында Ш.Ермағамбетова атындағы мектеп бар.
Қабылов Ілияс 1904 жылы Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылында дүниегеи келген. 1938 жылы Алматыда қайтыс болды Ол — мемлекет және қоғам қай-раткері. Әке-шешесі 1911 жылдан бастап Ақмешіт, Әулиеата, Ташкент қалаларында тұрған. 1918-22 жылдары Ташкент еңбек коммунасында орталау білім алған. Кейін Мәскеудегі Шығыс еңбекшілері коммунистік университетін (1925), Қызыл профессура институтын (1933) бітірген. 1925-28 жылдары Ташкенттегі Орта Азия коммунистік университетінде философия және құқықтанудан оқытушы, 1928-30 жылдары Қазақстан өлкелік партия комитетінің баспа жөніндегі сектор меңгерушісі, мәдениет және насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1931-33 жылдары Шығыс еңбекшілері коммунистік университеті философия кафедрасының меңгерушісі болды. 1934-37 жылдары Қазақстан өлкелік партия комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, ҚазПИ (Қаз ҰПУ) философия кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Қазақ АКСР-і Кеңестерінің 9-съезіне (1935) қатынасып, Атқару комитетінің мүшелігіне сайланған. Көрнекті публицист, әдеби сыншы, философ ретінде «Еңбекші қазақ», «Советская степь», «Казахстанская правда» газеттерінде мақалалар жариялаған.1937 жылы жалғын жаламен айыпталып қамалған. Кейін, ату жазасына кесілген. 1998 жылы 15 мамырда толық ақталды. Жалағаш ауданында І.Қабылов атындағы көше бар.
Жарқынбаев Зейнолла 1914 жылы қазіргі Жалағаш ауданы, Мырзабай ахун ауылында дүниеге келген. Ол — қоғам қайраткері, журналист. Қазақстан коммунистік журналистік институтын бітірісімен, обл. «Ленин жолы» газетінде жауапты хатшы болған. 1940-44 ж. Қазалы, Сырдария ауд. пария комитеттерінде хатшы, 1945-48 ж. «Социалистік Қазақстан» газетінде бөлім меңгерушісі болып, Мәскеудегі Жоғары партия мектебінде оқыды. 1948-56 ж. «Социалистік Қазақстан» газеті редакторының бірінші орынбасары, Шымкент (Оңт. Қазақстан) обл. партия комитетінде хатшы, «Ленин жолы» газетінде бас редактор, 1962-90 ж. Қызылорда обл. атқару комитеті төрағасының орынбасары, обл. тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының төрағасы қызметтерін атқарды. Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы,«Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 1994 жылы қайтыс болды. Жалағаш ауданында З.Жарқынбаев атындағы мектеп бар.
Үсебаев Кеңесбай 1914 жылы Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылында дүниеге келген.1995 жылы Алматы қаласында қайтыс болған.Ол — журналист. Қазақ коммунистік журналистика институтын бітірген (1938). 1938-46 ж. Қарағанды облысы «Советтік Қарағанды» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметін атқарған. 1949-52 ж. Ақмола облысы «Сталин туы» газетінің редакторы, 1952-55 ж. Қазақ КСР Мин. Кеңесі жанындағы радиохабарлары комитетінің төрағасы, 1955-59 ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бас редакторының орынбасары, 1959-60 ж. ҚазТАГ директоры, 1960-69 ж. «Социалистік Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1969-75 ж. Қазақ КСР Мин.Кеңесінің Телевизия және радиохабарлары жөніндегі мемл. комитетінің төрағасы болды. 6-8 сайланған Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің депутаты. 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған
Әлмағанбетов Нұрылда 1919 жылы Жалағаш ауданы, қазіргі Бұқарбай батыр ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Алматыда қайтыс болды. Ішкі істер қызметінің генерал-майоры (1964), ішкі істер ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қызылорда қаласындағы дәрігерлер училищесін, Мәскеудегі Жоғары партия мектебін (1955) бітірген. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1947-50 ж. Қызылорда облыстық партия комитетінде нұсқаушы,1950-53 ж. Қызылорда қалалық партия комитетінің хатшысы, 1956-62 ж. Шығыс Қазақстан обл. мемл. қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, 1962-70 ж. Қазақ КСР ішкі істер министрінің орынбасары болды. Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған. Жалағаш ауданында Н.Әлмағанбетов атындағы көше бар.
Кетебаев Камалбай 1929 жылы Жалағаш ауданы, Таң ауылында дүниеге келген. 22.2.1999 жылы Алматыда қайтыс болды. Ол -қызметкер. Республикаға еңбегі сіңген экономист. Мәскеу мемлекеттік экономика институтын 1953 жылы бітірген. 1953-63 ж. республиканың қаржы мекемелерінде жұмыс істеді. 1963-65 ж. Қарағанды халық ш. кеңесі төрағасының орынбасары, 1965-67 ж. Қазақ КСР жергілікті өнеркәсіп және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету министрі, 1967-74 ж. Қазақ КСР Мемл. жоспар-лау к-тінің төрағасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, 1974-77 ж. жергілікті өнеркәсіп министрі болды. 1977-91 ж. республикалық. қаржы министрінде басшы қызметтер атқарды. Көптеген орден, медальдармен марапатталған.
Бабағұлов Қаһарман 1943 жылы Жалағаш ауданы «Ақтабан» жайлауында дүниеге келген. Ол -қызметкер. Алматы халық шаруашылық институтын бітірген (1970). 1961 ж. Алматы ауыр машина жасау зауытында қалыптаушы болып істеді. 1969-83 ж. Қазақ КСР тұрмыс қажетін өтеу министрінде бөлім бастығы, министрдің көмекшісі, жоспарлау-экономика басқармасының бастығы, 1983-86 ж. Алматы қалалық тұрмыс қажетін өтеу басқармасының бастығы, 1986-94 ж. Алматы қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары- қалалық жоспарлау басқармасының төрағасы, Алматы обл. партия комитетінің хатшысы, ҚР Жоспарлау комитеті төрағасының, кейіннен Экономика министрінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 1994 жылдан «Қызметмаш» бас машина жасау зауытының (бұрыңғы Крючков атынд. тәжірибе-механикалық зауыты) бас директоры. Жалағаш ауданының Құрметті азаматы. 2014 жылы 4 сәуірде ауыр науқастан қайтыс болды.
Әбдікәрімов Исатай 1923 жылы 15 мамырда Жаңақорған ауданының Өзгент ауылында туған. 1952 жылы Қызылордадағы В.Н.Гоголь атындағы педагогикалық институтын, 1954 жылы КПСС Орталық комитетінің Жоғары партия мектебін, 1962 жылы Қызылорда гидротехникумын бітірген. 1935-1940 жылдары ауылшаруашылық техникумында, ауылшаруашылығы институтында оқыды. Ол өзінің еңбек жолын 1940 жылы Жаңақорған аудандық «Екпінді» газеті редакциясының әдеби қызметкері болып бастады. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. Гвардиялық полк командирі, атқыштар бригадасының командирі болды.1946-1948 жылдары Жаңақорған аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, Қармақшы аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет істеді. 1949 жылдан бастап облыстық партия комитетінің аппаратында нұсқаушы, сектор меңгерушісі, облыстық комсомол комитетінің 1-хатшысы қызметтерін атқарды. 1953-1955 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, облыстық Кеңесі атқару комитетінің хатшысы болды. 1955 жылдан Шиелі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қармақшы өндірістік басқармасы партия комитетінің хатшысы, Жалағаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін ақарды. 1972-1978 жылдары Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. 1978-1979 жылдары Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президумының Төрағасы болды.
Әбдікәрімов Исатай КПСС ХХІҮ съезінің делегаты, СССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды, екі рет Ленин орденімен, Октябрь революциясы, Құрмет белгісі ордендерімен және СССР медальдарымен марапатталды. Оның 1993 жылы «Көп екен көргенімнен көрмегенім» деген кітабы жарық көрді. Жаңақорған ауданының «ХХ ғасыр Адамы» құрметті атағына ие болды. Қызылорда қаласындағы аграрлық техникалық колледж қайраткер есімімен аталады. Ол туралы «Дүниеден ғажайып бір жан өтті» атты естеліктер кітабы (2002 ж.) шықты.
Исатай Әбдікәрімов 2001 жылы 7 сәуірде дүниеден өтті.
Үркімбаев Төлеубай 1898 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылында дүниеге келген. 16 жасынан бастап Жосалы, Жалағаш теміржол стансасында жұмысшы болып істеген (1914–1917). Шығармалары мерзімді баспасөз бетінде 1929 жылдан бастап жарияланып тұрды. Өлеңдері ақындардың ұжымдық жинақтарына («Он жылдағы олжа», 1930; «Халық ақындары», 1953; «Ақын жырлары», 1958; «Пернедегі термелер», 1965) енген. Жеке өлеңдер жинағы «Өлеңмен өрілген шындық» деген атпен 2002 жылы жарық көрді. Ұлы Отан соғысы кезінде өлеңдері майдандық газеттерде жарияланып тұрды. Аудандық, облыстық ақындар айтысына белсене қатысқан. «Қазақстанның XV жылдығы» белгісімен (1935), «Құрмет Белгісі» орденімен (1945) және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған (1945). Туған ауылы мен Жалағаш аудандық орталығында көшеге Т.Үркімбаев есімі берілген. 1956 жылы қайтыс болған.
Оңалбаев Әбдікәрім 1901 жылы Жалағаш ауданы, Мақпалкөл ауылында дүниеге келген- ақын. Коммунистік журналистика ин-тын бітірген (1938). Өлең-жырлары баспасөз бетінде 1930 жылдан бастап жарық көрген. 1940-1943 ж. «Әдебиет және искусство» («Жұлдыз») журналында жауапты хатшы, 1943-1964 ж. «Ленин жолы» («Сыр бойы») газетінде бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. Ақынның «Сыр бойы» (1951), «Таң алдында» (1963), «Өсиет» (1969), «Атамекен» (1981), «Туған жер» (1992) атты жыр жинақтары жарық көрген. 1991 жылы Мақпалкөл ауылындағы орта мектепке Ә. Оңалбаевтың есімі берілді. 1964 жылы қайтыс болған.
Адамбаев Жақсылық 1937 жылы Жалағаш ауданына қарасты Бұқарбай батыр ауылында туған. 1954 жылы Жалағаш орталығындағы №31 орта мектепті бітіріп, 1955 жылы Қазалы Мал-дәрігерлік зоотехникалық техникумына түсіп, оны 1958 жылы бітіріп шықты. 1958 жылдан бастап қазіргі Шәменов ауылында ферма меңгерушісі, бас зоотехник қызметтерін атқарды. Алматы мал-дәрігерлік зоотехникалық институтында сырттай оқыған. 1998 жылдан бастап ел аузынан шежіре жинап, ел тарихын жазумен айналысып келеді Отан алдындағы еңбегі бағаланып, ҚР Құрмет грамотасымен және облыстық, аудандық грамоталарымен сонымен бірге “Еңбек ардагері” медалімен марапатталған
Айбосынов Шыңғыс 1936 жылы 8 мамыр күні Арал ауданы Сарбасат ауылдық Советіне қарасты «Үшкөл» атты ауылда дүниеге келген. 1955 жылы Сексеуіл станциясындағы №423 орта мектепті бітірген, сол жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың физика – математика факультетіне түсіп, оны 1960 жылы бітіріп шыққан. 1960-65 жылдары өзі оқыған №423 орта мектепте ұстаздық жасаған. 1965-1973 жылдары Арал аудандық партия комитетінде нұсқаушы, саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі қызметінде болған. 1968 жылы Алматы қаласындағы жоғарғы партия мектебін бітірген. 1973-1986 жылдары Жалағаш аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімін басқарған. 1988 – 1998 жылдары Жалағаш поселкелік советтің председателі, әкім қызметінде атқарған. 1998-2003 жылдары Жалағаш мұнайы АҚ-ның президенті, 1968-1991 жылға дейін Арал қалалық, Жалағаш аудандық, Жалағаш поселкелік советінің 23 жыл депутат болып сайланған. 15 жыл Жалағаш аудандық партия комитетінің пленум мүшесі, 5 жыл бюро мүшелігіне сайланған.
Баспадан шыққан кітаптары:
Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жалағаш ауданының «Құрметті Азаматы».
Айғалиұлы Ертай 1953 жылы, Аққыр ауылында дүниеге келген-журналист. 1978 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1978 жылы республикалық жастар газеті «Лениншіл жас» (қазіргі Жас алаш), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жауапты хатшысының орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1990 жылы «Ана тілі» газетінде жауапты хатшы, бас редакторының орынбасары, 2005 жылы халықаралық қоғамдық-саяси «Қазақстан Заман» газетінде бас редактор қызметтерін атқарған. «Қаражапырақтар» романы және бірнеше прозалық кітаптардың авторы. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері.
Аяпов Мәлік (1944, қазіргі Мырзабай ахун а.-2004 ж, Жалағаш)- журналист, ақын. Қазалы а.ш. техникумын (1965), Алматы ҚазМУ-дың (1976) журналистика ф-тін бітірген. 1965-2004 ж. аудандық «Жалағаш жаршысы» (бұрыңғы «Жаңадария») газетінде корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, аудандық баспахана директоры, редактордың орынбасары, редактор болып қызмет атқырды. Өткен ғасырдың соңғы он жылында аудандық мәдениет үйі жанындағы Ә.Оңалбаев атындағы әдебиет және өнер бірлестігінің жетекшісі, «Қайырымдылық» қорының директоры болып қызметтер атқарды. Аяповтың өлеңдері республика ақындарының жыр жинағы «Көктем тынысы», 2001 жылы Қызылорда қаласынан шыққан «Жүректегі жауһарлар» кітаптарына енгізілді. Ақынның «Киелі мекен» атты жыр жинағы (2003) жарық көрді. Аяповтың өлеңдеріне сазгерлер Л.Әбдіхалықова, М.Ағытаев, А.Орынбаева, Ж.Данилов, Р.Досмановтар әндер жазды. М.Аяпов Жалағаш кентінің құрметті азаматы болды (2004). 2004 жылы 7 қыркүйегінде қайтыс болды.
Әбілдаева Ғазиза 1975 жылы 1 сәуірде Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген. Қызылорда мемелекеттік университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде бас редактор. Өлеңдері газет, журналдарда жиі шығып тұрады. 2001 жылдың қорытындысымен «Ауданның үздік журналисі», 2001 жылы Алматыдағы жас ақындар семинар кеңесінде өлеңдері жоғары бағаланған. 2002 жылдан Журналистер одағының мүшесі. 2004 жылы облыстық «Сырдария-жырдария» өнер фестивалінің «Құрмет белгісімен», 2005 жылы Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталған. 2011 жылы «Таң сәрі» кітабы, 2021 жылы «Сезім-серуен» кітабы жарық көрді.
Махмұтбай Әміреұлы 1942 жылы 20 ақпанда Жалағаш ауданы, Мақпалкөл ауылында туған. 1964 жылы Қызылорда педагогика институтын (қазіргі Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университет) бітірген. 1964-1966 жылдары Шымкент облысының Ленин ауданында мұғалім, Қызылорда облыстық шығармашылық үйінің әдіскері, 1967-1997 жылдары облыстық «Ленин жолы» газетінде корректор, Сырдария аудандық «Сырдария» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, Сырдария аудандық партия комитетінде нұсқаушы, саяси оқу кабинетінің меңгерушісі, «Сырдария» газетінің редакторы, облыстық кәсіподақтар кеңесі баспасөз орталығының меңгерушісі, Сырдария ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1998 жылдан облыстық «Сыр мектебі» газетінің бас редакторы. Республикалық «Жалын» баспасынан «Жүзім бағы» (1976), «Қызыл жыңғыл» (1978), «Ақ сауле» (1984), жергілікті баспадан «Сыр әндері» (1994), «Сыр жырлары» (2000), республикалық «Үш қиян» баспасынан «Жылдар, жырлар» (2002), «Сыр әндері» (2007), «Сырдария-Жырдария» (2008), «Сыр мектебі» (2008) жыр жинақтары жарық көрген. Ол «Қызылорда вальсі», «Қимаймын», «Шалқиды ән» және басқа 100-ге тарта ән мәтіндерінің авторы. М.Әміреұлы 1990 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Сырдария ауданының және Қызылорда қаласының құрметті азаматы.
Бертаев Серік 1954 жылы 20 мамыр күні Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы қазіргі Мәдениет ауылында дүниеге келді.Мәдениет ауылындағы №32 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1971-1976 жылдары Жаңадария совхозының №3 фермасында шопан болып еңбек еттім. Сол жылдары жас шопан жігерлік танытып әр жүз аналықтан жоспарлы төл алып, мал басын аман сақтадым. Сөйтіп, бес жыл қатарынан аудан жеңімпазы болдым. Қой санын өз төлі есебінен көбейту жолында жемісті еңбек еттім. Елге сіңірген адал еңбегім бағаланып, Қазақ ССР ауылшаруашылығы Министрлігінің Құрмет грамоталарымен және ВЛКСМ облыстық, аудандық комитеттерінің Мақтау қағаздарымен марапатталды. 1976-1978 жылдары әскер қатарында болып, азаматтық борышымды атқардым. Алматыдағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқып, журналист мамандығын алып шықтым. 1984 жылы Жалағаш аудандық (сол кездегі “Жаңадария”) қазіргі “Жалағаш жаршысы” газетінде әдеби қызметкер болып қызметке қабылдандым. Бұдан кейін радио хабарын ұйымдастырушы, сектор меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, редактор қызметтерін абыроймен атқардым. 2007 жылы аудан әкімі аппаратында баспасөз хатшысы болдым. 2007 жылдың қараша айынан бері аудандық “Жалағаш жаршысы” газеті редакторының орынбасары. 2004-2006 жылдары аудандық газет редакторы болып басылымға басшылық жасадым. 2006 жылдың қорытындысымен “Жалағаш жаршысы” газеті түрлі-түсті бояумен безендіріліп, сапалы әрі мазмұнды шығуына байланысты аудандық газеттер арасында облыс әкімінің “Ең үздік басылым” номинациясын иеленіп, жеңімпаз басылым атанды. Сол кездегі өтпелі қиын кезеңдерге қарамастан редакция қызметкерлерінің психологиялық ахуалы тұрақталып, қаржылық-материалдық жағдайы жақсара түсті. Жазған мақалаларым мен өлеңдерім облыстық, республикалық басылымдарда жарияланды. Өлеңдерім бірнеше жинақ кітаптарға енгізілген. 2011 жылы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне байланысты “Тәуелсіздік таңы” атты кітабым жарық көрді. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесімін. Ел игілігінің мүддесі жолындағы еңбегім ескеріліп, Қазақстан Журналистер Одағының Дипломымен, облыс әкімінің, облыстық ішкі саясат басқармасының, аудан әкімдерінің “Алғыс хаттарымен”, “Нұр Отан” ХДП облыстық, аудандық филиалдарының, Қызылорда облыстық Журналистер Одағы, облыстық кәсіподақ кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп өсіріп, 5 немере сүйіп отыр.
Дайрабай Тынышбек (1943, Жалағаш ауд. Жаңаталап а.)- ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, Қорқыт ата атынд. Қызылорда мемл. ун-тінің құрметті профессоры (2003). Қаз МУ-ды (ҚазҰУ) бітірген (1969). 1969-74 ж. Қызылорда обл-ның Тереңөзек ауд. «Еңбек туы» газетінде бөлім меңгерушісі, 1974-76 ж. «Қараөзек» кеңшарының партком хатшысы, 1979-85 ж. Тереңөзек аупартком бөлімінің меңгерушісі, 1985-95 ж.ауатком төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынба-сары қызметтерін атқарды. 1995 жылдан халықар. «Түркістан» газетінде қызмет істейді. Д.Сыр өңірінен шыққан атақты би, батыр, шешен, жыраулардың шығармаларын жинау-мен айналысады. «Тоғанас батыр» (1991), «Қаңлы Жүсіп» (1994), «Кете Шөмекей шежіресі» (1995), «Тереңөзек» (телеавтор) (1996), «Тұғыры биік тұлға» (1998), «Қорқыт ата» (1999), «Кете Жүсіп» (2003), «Дүр Оңғар» (2004), «Сырдың сырлы сыры», «Түркістан альбомы» (2005) атты кітаптары бар. «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған (2005).
Күмісбаев Өтеген (1939, Жалағаш ауд. Мәдениет а.)- ақын, ғалым, филол.ғыл.докт. (1990). ҚазМу-дың (Қаз ҰУ) филол. ф-тін бітірген (1963). 1963-69 ж. Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бөлімінде «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде 1969-74 ж. КСРО ҒА-ның Шығыстану институтында қызмет атқарған, 1974 жылдан ҚР ҰҒА Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер. Алғашқы өлеңдер жинағы «Тұңғыш» деген атпен 1964 ж. жарық көрген. Оның «Алақан» (1966), «Менің кішкентай үйрегім» (1968), «Ақбота» (1972), «Ақшолпан» (1974), «Гүлсана бағы» (1989) жыр жинақтары, «Жапырақтар түсіп жатыр» (1969), «Ауылдан шыққан жол» (1975), «Тіршілік тоқтамайды» (1976) атты әңгіме, повестері бар. Бірқатар шығармалары орыс тіліне ау-дарылып, жеке жинақ болып шықты. Парсы-үнді классигі Ә.Х.Дехлевидің «Жұмақтың сегіз бағы» дастанын түпнұсқасынан, сондай-ақ М.Рыльскийдің «Раушан мен жүзім» (1987) кітабын, орыс тілінен Р.Ғамзатовтың, Қ.Кулиевтің, В.Рожденственскийдің жекелеген өлеңдерін аударған. Шығыс және қазақ әдебиетінің байланысын зерттеуге арналған «Терең тамырлар», «Абай және Шығыс» (1995), «Мұхтар Әуезов және әдебиет әлемі» (1997), т.б. монографиялары жарияланды. 500-ден астам ғыл. мақалалардың авторы. Жазушының кейбір туындылары қырғыз, башқұрт, украин, белорус, ағылшын, поляк, араб тілдеріне аударылған. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығын алған. Жалағаш ауданының Құрметті азаматы. 2016 жылы өмірден озды.
Асқар Кіребайұлы 1946 жылы Жалағаш ауданының Ақарық ауылында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1980). Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Еңбек жолын 1964 жылы бастап, Сырдария ауданында «Сырдария» газетінде корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болған. 1980 жылдан Қызылорда облысы «Ленин жолы» (Сыр бойы) газетінде әдеби қызметкер, Жаңақорған, Шиелі аудандары бойынша меншікті тілші, бөлім меңгерушісі, Жалағаш ауданы «Жаңадария», Сырдария ауданы «Сырдария», республиканың «Кәсіпкер», «Қарашаңырақ» газеттерінде бас редактор, «Ауыл», «Заман-Қазақстан» газеттерінде меншікті тілші, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ драма театрында директор қызметтерін атқарған. 1975 жылы жас ақындардың «Көктем тынысы» атты жыр жинағына өлеңдері енген. Алғашқы кітабы «Сыршыл көңіл» деген атпен 1978 жылы жарық көрді. 1987 жылы балаларға арналған «Алғашқы бәйге», 1992 жылы «Іңкәрдария» өлеңдер жинағы жарық көрді. «Сыр өңірінің қара шаңырағы» театр тарихы туралы, «Өркенді өнер» атты прозалық шығармалары мен «Аламесек» өлеңдерінің толық жинағы шықты. Қызылорда облысы драма театрында «Арманым. Әнім. Іңкәрім.» поэтикалық қойылымы, 2005 жылы «Махаббат пен Ғадауат» атты драмалық спектаклі сахналанған. Барлық республикалық басылымдарда өлеңдері, шығармалары 1970 жылдардан бері жарияланып келеді. «Көктем тынысы», «Жаттамақ», «Миллиард» жыр жинақтарына, қарпақ тіліндегі «Дала туысқандығы» кітабына топтама өлеңдері енген.
Нұрғалиев Қалмахан (1942, Тереңөзек ауд. Бостандық жолы-2003, Жалағаш кенті)- жазушы, мұғалім. Қызылордадағы Н.В.Гоголь атынд. пед.ин-тты бітірген. Аудандық баспаханада жұмысшы, №34 орта мектепте аға пионер вожатый, аудан-дық «Жаңадария» газетінде бөлім меңгерушісі, облыстық радиода тілші, №116 орта мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімі, №123 орта мектеп директоры, аудандық оқушылар үйінің директоры болып қызмет істеді. 1971 жылы «Жазушы» баспасынан «Екінші көктем» атты алғашқы повесі жарық көрді. Жазушының «Көктем шуағы», «Ақ желкен», «Бозторғайдың шырылы» повестері «Жалын» баспасы жариялаған жабық бәйгеде үшінші және екі рет ынталандыру сыйлығына ие болды. 1993 жылы Алматыдағы «Балауса» баспасынан «Көктем шуағы» атты повестер жинағы жарыққа шықты. Жазушының «Бұқарбай батыр» пьесасы сахнаға қойылды. «Қазақстан республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен, республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі грамоталармен марапатталған. 2003 жылы қайтыс болған.
Салықбаев Зордан 1944 жылы Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген- ақын, жазушы, журналист. Қызылорда пед. ин-тының филология фак-тін бітірген (1967). 1961-1963 ж. Жаңаталап ауылында, 1967-1970 ж. Аққыр ауылының орта мектебінде ұстаз, мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары, 1971-1974 ж. ауд. партия к-тінің саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, 1974-1986 ж. аудандық «Жаңадария» газетінде бөлім меңгерушісі, «Жаңадария» газетінің редакторы, 1986-1988 ж. №15 кәсіптік-техникалық училищеде ұстаздық қызметтер атқарған. Бірнеше рет аудандық партия комитеті құрамының, аудандық кеңестің депутаты. Салықбаевтың алғашқы әңгімелер топтамасы «Үміт толқыны» атты жинақта (1988), 1997 ж. «Жазылып қалған жан сырым» кітабы жарық көрген. Құрмет грамоталарымен, медальдармен марапатталған. 1988 жылы қайтыс болған.
Сарбалаев Жақсыбай (1942, Таң а.)- еңбек ардагері. 1959-1964 ж. Қызылорда мед. уч-щесін,1990 жылы Қызылорда пед. ин-тың тіл-әдебиет ф-тін сырттай оқып бітірген. 1990 жылдан Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалын басқарды. 1994-1998 ж. Аудандық мәслихат тексеру комиссиясының төрағасы. 2001 жылдан аудандық Оқушылар үйінде үйірме жетекшісі қызметін атқарды. Шығармашылығында «Жыр-жұлдыз» атты өлең жинақ кітабы жарық көрген. «Жалағаш кентінің құрметті азаматы» (1992). І-ІІІ-ІҮ шақырылған аудандық мәслихаттың, 1998-2002 жылдары ІІ-шақырылған облыстық мәслихаттың депутаты. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары. 2009 ж. «Жалағаш ауданының құрметті азаматы» атағы берілген. Бірнеше медальдардың иегері. 2012 жылы қайтыс болды.
Темірше Сарыбайұлы 1941 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мырзабай ахун аулында дүниеге келген. Ақын. Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтының филология факультетін бітірген (1968). 1968-1972 жылдары Жалағаш ауданындағы «Жаңадария», 1972-1976 жылдары Сырдария ауданындағы «Сырдария» газеттерінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1982 жылы Қызылорда облыстық сырттай оқу мектебінде методист, 1982-1989 жылдары Қазақ телевизиясының әдеби-драмалық хабарлар редакциясында редактор, 1994-1996 жылдары «Заман-Қазақстан» республикалық газетінде, халық шығармашылық үйінде, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдеби қорда сектор меңгерушісі, 2000-2005 жылдары «Балдырған» журналында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2011 жылға дейін «Маматай» баспасында редактор қызметін атқарды. «Дәрия-дәурен» атты жыр жинағы 2001 жылы жарық көрді. Республикалық жыр мүшәйраларының бірнеше дүркін жеңімпазы болды. 2012 жылы дүниеден озды.
Смағұлов Раушанбек 1943 жылы 1 мамыр күні Жалағаш ауданы, Ақсу ауылдық кеңесі, “Жас қайрат” колхозында дүниеге келген. 1960 жылы Жалағаш орталығындағы №31 орта мектепті бітірді. Мектеп бітірген соң, ДЭУ-30 Қызылорда жол құрылысы басқармасында есепші қызметін атқарған. 1967 жылы Қызылорда медициналық училищесін “Емдеу ісі” бойынша бітіріп, 1970 жылы Қызылорда облыстық көз аурулар ауруханасында 3 ай мамандану курсынан өтіп, ұзақ жылдар аудандық емханада көз дәрігері қызметін атқарды. 1989 жылы өндірістен қол үзбей, Қызылорда Гоголь атындағы педагогикалық институтының филология мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1988 жылы облыстық наркологиялық ауруханасында мамандану курсынан өтіп, 1991 жылы Алматыда наркология саласы бойынша білімін жетілдірген, 1992 жылы І санатты дәрігер болды. 1985 жылдан бастап Республикалық, облыстық, аудандық баспасөз беттерінде осы уақытқа дейін 175 ден астам материалдар жарық көрді. 1997 жылы аудан медицинасының 60 жылдығына байланысты “Аудан медицинасына 60 жыл” атты кітабы оқырмандар қолына тиді, 2004 жылы “Киелі жерім – Ақсуым” атты кітабы жарық көрді. Мақтау грамоталары: 2001 жылы ҚР Денсаулық министрлігінің “Құрмет грамотасымен”, облыстық денсаулық басқармасының “Құрмет грамотасы”, “Алғыс хаты”, аудандық денсаулық бөлімінің “Құрмет грамотасы”, аудан әкімшілігінің “Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары”. 2024 жылы қайтыс болды.
Сүйенішұлы Қомшабай 1937 жылы 14 желтоқсанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының «Жаңаталап» кеңшарында дүниеге келген. 1959 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітіріп, 1959-1962 жылдары Қызылорда облыстық радио комитетінде, 1962-1982 жылдары облыстық «Ленин жолы» газетінде қызмет атқарып, 1982-1992 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облысындағы кеңесшісі, 1996 жылдан бөлімше директоры болды. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Алғашқы өлеңдері 1959 жылы жариялана бастады. Ақынның «Тереңдегі ағыстар» (1985), «Сап-сап, көңілім» (1988), «Сая таппай, сай таппай» (1993), «Гөй — гөй» (1996), «Һәм жабықтым, һәм қамықтым» (2003) атты жыр кітаптары жарық көрді. Әр жылдарда әдеби журналдарда «Ғашық едім қайтейін…», «Дүние бір қисық жол» т.б. әңгіме, романдары, «Дон ағысы», «Кенже бала», «Алдаберді мен Әтіркүл» сияқты жыр, проза, драмалары жарияланған. Драмалық шығармалаларының ішінен «Сен де жалғыз, мен де жалғыз», «Әлі бойдақпысың?» пьесалары Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында қойылып келеді.1996 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қызылорда қаласының Құрметті азаматы (1999). 2010 жылы дүниеден озды.
Тәшенов Тұрсынбай 1939 жылы, Шәменов ауылында дүниеге келген — журналист. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Қызылорда пед. ин-тын (1965) бітірген. 1957-1963 ж. колхозшы, 1963-1965 ж. Таң ауылындағы мектепте мұғалім, 1965-1968 ж. аудандық «Жаңадария» газетінде әдеби қызметкер, 1968-1985 ж. аудандық баспахананың директоры, 1985-1996 ж. аудандық газеттің жауапты хатшысы, редактордың орынбасары, 1996-2000 ж. редакторы қызметтерін атқарды. Үш рет аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды. 2000-2003 ж. аудандық мәслихат тексеру комиссиясының төрағасы болды. ҚР тәуелсіздігінің 10 жылдығы медалімен, мерекелік медальдармен, салалық грамоталармен, Алғыс хаттармен марапатталған. «Майдангер ағаларым», «Біз елу жетінің түлектеріміз», «Жалағаштың жаршысы» деген кітаптары шықты. 2011 жылы қайтыс болды.
Тобағабыл Төлепберген 1936 жылы 20 мамырда Жалағаш ауданына қарасты Аламесек ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген (1963). Еңбек жолын 1957 жылы бастаған. 1957–1962 жж. Тереңөзек аудандық «Еңбек майданы» газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшы, 1962–1963 жж. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің бөлім меңгерушісі, 1963–1967 жж. Қазақ радиосының редакторы, 1967–1970 жж. Қазақ КСР телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде бас редактор, 1970–1973 жж. «Қазақтелефильм» студиясының сценарий жөніндегі алқа мүшесі, 1973–1992 жж. Қазақ радиосында бас редактор, 1992–1994 жж. Халықаралық «Тұран» радиосының бас редакторы, 1994–1996 жж. Қазақ КСР Министрлер Кабинеті жанындағы Тіл комитетінде бөлім бастығы болды. «Баспалдақ» атты алғашқы өлеңі 1955 жылы Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінде жарияланған. Кейін «Жаңылтпаштар» (1963), «Сағадат Нұрмағамбетов» (1966), «Өкініш» (1966), «Өңшең мықты» (1968), «Тағдыр» (1970), «Жазира» (1971), «Тағы бір күз» (1975), «Түсінсең еді мені» (1978), «Время жить» (1980), «Жүрегім соғып тұрғанда» (1982) атты өлең, повесть, әңгімелер жинақтары жарық көрген. «Көктемнің ең ұзақ күні», «Құзар» атты деректі телефильмдер сценарийлерінің авторы. «Коммунист Мұқан Көккөзов» 1975 жылы Владивосток қаласында өткен Бүкілодақтық байқауда арнаулы дипломға ие болған. «КСРО телевизиясы мен радиосының үздігі» белгісімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, үш мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. 2015 жылы қайтыс болды.
Ахмет Тілеулиев 1947 жылы Тереңөзек ауданы, «Шолақ арық» ауылсоветінде дүниеге келген. 1965 жылы Жалағаш ауданы орталығындағы №123 орта мектепті бітіреді. «Коммунизм» совхозында қой фермаларында еңбек еткен. 1966-69 жылдары Совет Армия қатарында болады. 1970-1975 жылдары КазГУ-дың филология факультетінде оқиды. 1975-78 жылдары оқытушы болса, 1978 жылдан 1999 жылға дейін Жалағаш аудандық «Жаңадария» газетінде әдеби қызметкер, одан соң бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарады. Осы қызметтерде жүріп басқада шығармашылық жұмыстармен айналысқан. 1995 жылы «Жалағаштық соғыс ардагерлері» атты жинақты құрастырған. 1999 жылы «Жалағашым-жасыл бағым» деген үлкен кітаптың авторы. Ұлы Отан соғысының 60 жылдығына арнап «Соғыс ардагерлері» атты кітабын жинақтап шығарған. «Қарақұм перзенті» (2002), «Дәннің салмағы» (2005), «Қарақұм» (2006) кітаптарының авторы. 1999-2004 жылдар аралығында аудандық тарихи-өлкетану музейінде, 2004 жылдан өмірінің соңына дейін аудандық Оқушылар үйінде үйірме жетекшісі қызметін атқарған. 2010 жылы қайтыс болды.
Құттыбай Сыдық 1945 жылы Жалағаш ауданы, Таң ауылында дүниеге келген- журналист, жазушы. ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірді (1975). Аудандық, облыстық, республикалық газеттерде қызмет істеді. Алғашқы әңгімелері сексенінші жылдардың басында ұжымдық жинақтарда жарық көрді. «Босқындар» деген кітабында әр жылдарда жазылған бірнеше повестері бар (2006). 2005 жылы Қызылорда қаласында қайтыс болды.
Рысбай Кәрімов 1943 жылы 13 қыркүйекте Жалағаш ауданы, Бұқарбай ауылында туған.1960 жылы №31 орта мектепті бітірген.1970-1972 жылдары «Таң» кеңшарындағы №118 мектепте мұғалім, мектеп директорының орынбасары қызметін атқарған.1981-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы аудандық комитетінде нұсқаушы,1984-1986 жылдары Аққұм кеңшары партия комитетінің хатшысы, 1986-1998 жылдары №15 кәсіптік техникалық училищенің директоры, 1998-2000 жылдары Жалағаш ауданы әкімдігінде бөлім бастығы, 2000-2005 жылдары Бұқарбай батыр ауыл округінің әкімі болып қызметтерін атқарды. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты, бірнеше рет аудан әкімдерінің алғыс хаттары және Қызылорда облысына 70 жыл медалімен марапатталған. Осындай өмір жолы бір дастан халқына қызмет жасап, ел басқарған, қоғамдық еңбектің түрлі саласында еңбек еткен Р.Кәрімовтің күрескер батыр-бабаларымыздың және өңірде өмір сүріп өткен әулие-әмбиелеріміз бен ғұлама-шешен, билеріміздің өмірі мен еліміздің төл тарихы туралы жазылған тағылымдық кітаптары бар.
Қазына Өзденбаева 1954 жылдың 27 сәуірінде Жалағаш кентінде дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы саласының қызметкері, жүргізуші-механизатор, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы. 1954 жылы 27 сәуірде Жалағаш ауданы, қазіргі Ақсу ауылында дүниеге келген. 1970 жылдары автотранспорт кəсіпорнында «ЗИЛ-130» маркалы ауыр жүк машинасының жүргізушісі болды. «К-700» алып тракторының, «Енисей» комбайнының рөлінде де отырды. Кейін Ақсу ауылының əкімі, «Ақмешіт ақшамы» газеттерінде тілші, республикалық «Сыр айнасы» газеттерінің бас редакторы қызметтерін атқарды. «Құрмет белгісі» орденімен жəне бірнеше мерекелік медальдарымен, «Үздік автокөлікші» төс белгісімен марапатталды. Бірнеше дүркін Социалистік жарыстың жеңімпазы, аудандық, облыстық кеңестің депутаты, аудандық, облыстық партия комитетінің пленум мүшесі болды. Бірнеше тағылымдық, танымдық кітаптың авторы.
Ахетов Тұрақ Адисұлы 1962 жылы 22 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Аққыр совхозындағы №188 орта мектептің түлегі. 1977-1980 жылдары Жалағаштағы №150 кәсіптік- техникалық училищені бітірді. Еңбек жолын Аққыр ауылында механизатор болып бастады. 1980-1982 жылдары әскери қызметте (Қызыл Тулы Қиыр Шығыс әскери округі. Приморье өлкесі).1983-1988 жылдары Аққыр ауылында шофер-механизатор.1989-1994 жылдары Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың студенті.1994 жылдан 2005 жылға дейін білім беру саласында. Мұғалім, мектеп директорының орынбасары, аудандық білім бөлімі жанындағы әдістемелік кабинет меңгерушісі, аудандық білім бөлімінің бас инспекторы, 2002-2005 жылдар аралығында Жалағаш ауданы орталығындағы №201 орта мектеп директоры қызметтерін атқарды. 2005-2012 жылдары Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 2013-2015 жылдары Жалағаш ауданы әкімі аппаратының кеңесшісі. 2016-2017 жылдары «Қызылорда» көпсалалы колледжінің директоры. 2018 жылдан бастап «Қызылорда Авиценна медициналық колледжінің» ұйымдастырушы – менеджері қызметтерін атқарды. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Қоғамдағы түрлі әлеуметтік мәселелерді көтерген мақалалары облыстық, республикалық, халықаралық басылымдарда жарияланып жүр. «Аққырым – алтын бесігім», «Үбіс би», «Ғибратты ғұмыр», «Жалағаштан Ауғанстанға дейін» атты кітаптардың авторы. Аудан, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. «Үздік еңбегі үшін» төс белгісі мен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Ұлт қайраткері» және «Қызылорда облысының 70 жылдығы» медальдарының иегері.
Орынбаева Айкүміс Телғарақызы 1963 жылы 23 ақпанында Жалағаш ауданы, «Қараиірім» бекетінде дүниеге келген. 1970 жылы аудан орталығында №202 орта мектептің 1-сыныбына қабылданып, 1980 жылы № 246 орта мектепті бітірген. 1980 жылы Қызылорда қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы қазақ қыздар педагогикалық училищесінің музыка бөліміне оқуға түсіп, 1983 жылы бітірген. Ақсу ауылындағы №116 мектепте мұғалім, №10 балабақшада музыка жетекшісі. Аудан орталығындағы №4, №22 балабақшаларда музыка жетекшісі болып жұмыс атқарған. 1991 жылдан бері №201 мектеп-лицейде музыка пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Осы жылдар ішінде ұстаздың баулыған шәкірттері жоғарғы білімді өнер ордаларынан білім алып шығып, өнер саласында жүр. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, сазгер. 2003 жылы «Көктемді сендермен қарсы алам» атты жыр жинағы, 2013 жылы «Мәмбет Әулие» тарихи танымдық кітабы жарық көрді.Өлеңдері республикалық, облыстық, аудандық басылымдарда жарық көрді. Жерлестеріміз, белгілі жалағаштық ақындар Темірше Сарыбаев, Ұзақ Еспанов, Балғабай Имашев, Мәлік Аяпов, Жақсыбай Сарбалаев, Қуат Ахетов, Ғазиза Әбілдаевалардың өлеңдеріне ән жазған. Патриоттық әндердің авторы, Бүгінде Жалағаш ауданының гимніне айналған «Жалағашым» әні республика жұртшылығына таныс. Айкүміс Телғарақызы облыстық білім басқармасының «Құрмет Грамотасы», аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен», аудандық мәдениет бөлімінің, облыс әкімінің, мектеп әкімшілігінің «Құттықтау хаттарымен» сонымен бірге «Жалағаш жаршысына» 70 жыл мерекелік медалімен, аудандық ардагерлер қоғамының «Құрмет грамотасымен», «Жалағаш Жаршысына — 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Ахетов Қуат Адисұлы 1978 жылы 14 тамызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққыр ауылында дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің журналистика факультетін бітірген. Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. «Көңіл керуені», «Қоңырбек пен Содырбек», «Кемпірқосақ», «Атасының ақылы», «Дәрумендер дауасы» атты кітаптары жарық көрді. Өлеңдері «Жыр маржаны» атты қазақ поэзиясының он томдық антологиясына және бірнеше ұжымдық жинақтарға енген. Балаларға арналған шығармалары Қазақ балалар әдебиетінің антологиясына, «Тәтті алма», «Бәсіре» жинақтарына енген. Одан бөлек, ақынның авторлығымен мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелеріне арналған QR код арқылы дыбысталатын заманауи кітапшалары жарық көріп, еліміздің барлық өңіріне таратылуда. Ақынның балаларға арналған шығармалары жоғары оқу орындарында оқытылып жатыр. «Шалқар», «Қазақ радиосы» секілді республикалық әуе толқындары мен отандық телеарналар ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында арнайы хабарлар дайындап, таратты. Сондай-ақ бірнеше жылдан бері Елорда мен Алматы секілді үлкен қалалардан бастап, еліміздің барлық өңірлеріндегі мектептер ақынмен офлайн, онлайн форматта кездесулер ұйымдастырып келеді. Облыстық, республикалық жыр мүшайралардың жеңімпазы. Аудан, облыс әкімдерінің және Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хатымен», сондай-ақ Қазақстан Журналистер одағының Құрмет Грамотасымен марапатталған. Әдеби бірлестіктер мен ұйымдардың арнайы медальдарының иегері.