Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы

Руханият орталығындағы аудандық кітапханада «Тазалық сақшысы» атты Жұмысшы мамандармен кездесу кеші өткізілді. Мемлекеттік басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында 2025жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Мақсаты: Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру. Қоғамда еңбек адамына деген құрметт іарттыру, олардың әлеуметтік маңызын насихаттау.

№ 2 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен 2025 жыл Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланып, еңбек адамының мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөлініп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамымызда еңбек адамы бірінші орында тұруға тиіс екені, шын мәнінде, барлық жетістіктің бастауы — адал еңбек және іскерлік екенін aтaп өтті. З. Жарқынбаев атындағы 202 орта мектептің жұмысшысы Жалмұрзаева Алтыншаш апаймызбен кездесіп «Жұмысшы мамандығы — жарқын болашақтың бастауы » атты сыр- сұхбат ұйымдастырылды. Мақсаты: жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, олардың беделін арттыру, белгілі бір кәсіптің ерекшеліктерімен және еңбек жағдайларымен таныстыру арқылы жұмысшы мамандықтарын насихаттау.