Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
Әкімшілік

                                                                     

                                                                 Меңдібаева Ұлмекен Әбілтайқызы

                         Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар  жүйесінің директоры

       Меңдібаева Ұлмекен Әбілтайқызы 1964 жылы 6 қыркүйекте Қармақшы ауданында дүниеге келген. 1971-1981 жылдары №26 Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің 10 сыныбын бітірген. 1981-1983 жылдары Қармақшы ауданындағы №183 мектепте лаборант болып қызмет атқарған. 1984-1991 жылдары Қармақшы ауданындағы Абай атындағы кітапханада қызмет атқарған. 1985-1987 жылдары Ақтөбе қаласындағы мәдени-ағарту училищесінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша оқыған. 1991-1995 жылдары Жалағаш аудандық кітапханасында кітапханашы, оқырмандар бөлімінің меңгерушісі  болып қызмет атқарған.  1995-2003 жылдары оқырмандар бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.  2003-2012 жылдары әдістеме-библиография бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.  2003-2005 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Кітапхана және библиография»  бөлімін бітірген.  2012 жылдың желтоқсан айынан бастап Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры қызметін атқарып келеді.        Еңбегі еленіп бірнеше рет облыс, аудан басшыларының алғыс құрметіне ие болды. 2019 жылы  «Кітапхана ісінің шебері», 2020 жылы «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» Төс белгілерімен, 2022 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Д.Абаевтың «Құрмет Грамотасымен» , 2023 жылы ҚР  «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен  марапатталған. Отбасылы 1 қыз бала тәрбиелеп отыр, жолдасы өрт сөндіру бөлімінен зейнеткерлікке шыққан.

        

                                                                              Әдістеме-библиографиялықбөлім

Бөлімаудандағы 1 аудандықорталық, 1 балалар, 16 ауылдықкітапханафилиалдарынажұмысбағыттарынүйлестірушіжәнебағытберушіорталықболыптабылады.                  

                                                                              Бөлімніңжұмысыныңнегізгібағыттары:

Бөлімдегі жұмыстарды ұйымдастыруға;

Жоспар бойынша есеп және мониторинг жүргізу;

Әдістемелік зерттеу жұмыстарына жетекшілік етуге;

Кітапханалықкеңестер, әдістемелік құралдар, озат тәжірибелерді насихаттау;

іс-қағаздарын жүргізуге басшылық жасау;

кітапхана қызметкерлерінің кәсібибіліктілігін жетілдіру мақсатында семинар-кеңестер, тренингтер, конференциялар өткізу;

кітапхана қызметін жарнамалау, жұмыс процесстерін ұйымдастыру;

                                                                 Әдістеме — библиографиялықбөлімде:

    Бөлім меңгерушісі  ҚалиеваРаушан Алтынбекқызы 1987 жылы 20 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. 2005 жылы №123 орта мектепті бітірген. 2008 жылы  Қызылорда педагогикалық колледждің кітапхана ісі мамандығын  бітіріпшықты. 2008 жылдан бастап аудандық кітапханада кітапханашы, 2015 жылдан  библиограф, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап  әдістеме – библиография бөлім меңгерушісі қызметін атқарып келеді. 2010 — 2012 жылы «Болашақ» университетінің «Кітапханаісі» факультетінсырттайоқыпбітірген.

      Бөлім қызметкерлері аудандағы кітапханалар жұмысына бағыт-бағдар беріп, әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудан кітапханаларына іс-сапарлар ұйымдастырады, сандық және жазбаша мәліметтеріне талдау жасап, жыл сайын кітапханалар жұмысы нәтижелерін сараптайды, әдістемелік-нұсқаухаттар жазумен, әдістемелік құралдар шығару жұмыстарымен айналысады, отандық және дүниежүзі кітапханаларындағы озық тәжірибелерді үйрену, жүзеге асыру шараларын жүйелі түрде жүргізіп отырады, кітапханалар қызметін жарнамалайды, қоғамдық ұйымдар мен мекемелер мен өзара іскерлік байланыс орнату жұмыстарына қатысады. Кітапхана ісіне қатысты бағдарламалар жасап, оның жүзеге асырылуына ат салысады. Библиографиялық ақпарат қоғамға қызмет көрсету жүйесінде маңызды рөлатқарып, кітапхана құрылымында жетекші орын алады.Анықтама-библиографиялық жұмыстары оқырмандар сұраныстарын зерттей отырып, олардың ауызша жазбаша сұраныстарын қанағаттандырып отырады. Мерекелер мен айтулы даталарға арналған библиографиялық көрсеткіштер құрастырылады.Сонымен қатар айсайын кітапханаға түскен жаңа кітаптардың тізімі мекемелерге таратылып, кітап көрмелері, кітап қорының ең үздік даналарымен, жаңа мерзімді басылымдары таныстырылады. Республикада, облыс және ауданда аталып өтілетін және еске алынатын күндерге және жазушылардың мерей тойларына тақырыптық картотекалар жасақтайды. Баспасөз материалдарын және өлкетану мақалаларын электронды түрде РАБИС – каталогизатор бағдарламасының «статьи» модулына құйып отырады. Аудан кітапханаларына ақпараттық және анықтамалық библиографиялық қызметті ұйымдастыруда жүйелі түрде әдістемелік кеңес береді.

Аудандық кітапхананың редакторы

Нұрымбетова Ұлдай Орынбайқызы. Білімі жоғары. Жезқазған мәдени-ағарту училищесін және Қызылорда «Болашақ» университетінің «Кітапханаісі» мамандығы бойынша бітірген. 1987 жылдан бастап аудандық кітапханада кітапханашы, 2015 жылдан бері редактор қызметін атқарып келеді.

1999 жылдан бастап «НұрОтан» партиясының мүшесі. 2006-2020 жылдар аралығында «Мәденимұра» бастауыш партия ұйымының хатшысы. 2018 жылдан бері «Аналар кеңесінің» мүшесі. 2014 жылы аудандық мәдениет және тілдердідамыту бөлімінің Алғыс хатымен, 2015 жылы  аудан әкімініңАлғыс хатымен, 2016 жылы «НұрОтан» партиясы төрағасының бірінші хатшысы А. Мырзахметовтың және 2019 жылы облыстық «НұрОтан» партиясының бірінші хатшысы А.Әлназарованың  «Алғыс хатымен» марапатталған. Қазіргі уақытта редакторлық қызметі бойынша жаңа келген кітаптарды өңдеу,  дер кезінде аудандық кітапхана мен барлық ауылдық кітапханаларға тарату, сонымен бірге аудандық орталықтандырылған кітапхананың  РАБИС бағдарламасы арқылы кітаптардың библиографиялық сипаттарын жүйеге енгізіп, әдебиеттерді электронды каталогқа құю арқылы жұмыс жасап отыр.

2021 жылы  «ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ҚҰРМЕТТІ  КІТАПХАНАШЫСЫ»   төсбелгісімен марапатталған

                                                  Әдістемебиблиографиялық бөлімнің библиографы

Әмзеева Айсұлу Зкрияқызы  — Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында 27  сәуір 1969 жылы дүниег екелген. 1986 жылы Жалағаш ауданындағы  №31 орта мектепті бітірген.

1986-1989 жылдары Алматы қаласындағы технологиялық техникумының  «Тігінісі» мамандығы  бойынша  бітіріп, 1989-1990 жылдары  аудандық  халықтың  тұрмысын  өтеу  комбинатында цех меңгерушісі, 1990-2001 жылдары  кенттегі №246 орта мектепте технология пәнінің  мұғалімі  болып жұмыс жасаған.

2003-2005 жылдары Қызылорда  Гуманитарлық  университетінің «Технология пәнінің  мұғалімі» мамандығы  бойынша  оқыған, 2012-2014 жылдары  Қызылорда  қаласы «Ақмешіт»университетінің «Кітапхана  ісі» мамандығы  бойынша  оқып  бітірді.

2006 жылдан  бастап  аудандық  орталықтандырылған  кітапханада оператор, бағдарламашы  болып,  2012-2018  жылдары  кітапханашы, 2018-2022  жылдары  оқырмандар  бөлімінің  меңгерушісі, 2022 жылдың қыркүйек айынан  бастап библиограф болып  қызмет атқарып   келеді.

Аудандық балалар кітапханасы

Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Әлиасқарова  Гүлсім  Әлиасқарқызы — Қызылорда облысы, Жалағаш  ауданында 6 желтоқсан 1968 жылы Жаңадария ауылында дүниеге  келген. 1985 жылы   №203 орта мектепті бітірген. Білімі жоғары. 1987 жылы  Қызылорда  кооперативтік  техникумын, 2001 жылы Болашақ университетінің «Қазақтілі мен әдебиеті» мамандығын,  2011 жылы «Болашақ» университетінің «Кітапхана тану және библиография» мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылдан бастап Аққұм ауылдық кітапханасында кітапханашы, 2002 – 2014 жылдар аралығында балалар кітапханасында кітапханашы, 2014 жылдан бастап аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Еңбегі еленіп бірнеше  реет облыс, аудан  басшыларының алғыс құрметін еие болды.

2021 жылы «ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ҚҰРМЕТТІ  КІТАПХАНАШЫСЫ»   төсбелгісімен марапатталған..

    Балалар кітапханасында 3 кітапханашыо қырмандарға қызмет көрсетеді. Бөлімде абонемент және оқу залдары оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетеді.

  1. Шонықбаева Малина
  2. ИскаковаЖанар
  3. ҚожабаеваГүлжанат 

                                                             ОҚЫРМАНДАРҒАҚЫЗМЕТКӨРСЕТУБӨЛІМІ

Бөлімде 1 бөлім  меңгерушісі, 7 кітапханашы жұмыс жасайды. Бөлімде абонемент және оқу залдары оқырмандарға кітапханалық  қызмет  көрсетеді.

                                                            Бөлім меңгерушісі  Ешімова Жансұлу

Ешімова  Жансұлу  Ғабитқызы  20.09.1994 жылы Шымкент облысы Сайрам ауданында дүниеге келген. 2001-2009 ж жаралығында Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепті бітіріп, 2010 – 2013 ж жаралығында М.Мәметоваатындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің «Кітапханаісі» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 2014жылдың 3 ші наурызынан бастап «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша  Жалағаш аудандық кітапханасында 6 ай жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап Аудандық кітапханада тұрақты кітапханашы қызметін атқарды. 2018 жылы Жалғаш ауданы әкімнің «Жалынжастар» сыйлығының иегері және Қызылода облысы кәсіподақ ұйымының, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқырмандар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Абонемент бөлімінде 5 кітапханашы оқырмандарға қызмет көрсетеді.

   Ильясова Бахыт
  Дәржан Салтанат

  Искакова Зауреш
 Шарапатова Айгерім
 Есетова Раиса

Кітапханашылардың міндеті — ақпарат пен білімге жол ашып, оқырмандарға қызмет көрсетеді, көпшілік жұмыстар жүргізеді, жаңадан келіп түскен әдебиеттерді насихаттайды. Кітапқорын реттілігін сақтап қорға орналастырады. Кітап қорының сақталуына жауап береді. Оқырмандарға жедел қол  жетімділігін  қамтамасыз ете отырып, қызмет көрсететін ақпараттық орталық болып табылады.

                                               

 

 

                                                                                      Оқу залы 

Оқу залында 2 кітапханашы оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетеді.

                   Кітапханашылар:
ЖүнісоваАйткүл, ТұрмахановаАйғаным

Оқу залында анықтама-библиографиялық  қор, газет және журнал оқырмандар  сұранысына ие. Баспасөз  материалдары, энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, соңғы бес жылдың  баспасөз  материалдары  бар. Түрлі  тақырыптарда  кітап  көрмелерін  ұйымдастырады, көпшілік шаралар өткізіледі.