«АСТАНА-ҰЛТЫМЫЗДЫҢ РУХАНИ ОРДАСЫ»
Руханият орталығындағы аудандық кітапханада 6 шілде — Астана күніне орай «Еңселі елорда, Асқақтаған Астана» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме барысында еліміздің бас қаласы Астананың тарихы, қазіргі келбеті, жетістіктері, даму бағыттары, ескерткіштері мен сәулет ғимараттары туралы ақпарат беріліп, мерзімді басылымдар мен суреттер таныстырылып, шолу жасалынды. «Ел жүрегі – Астана», «Астана – жерұйығы елімнің», «Астана: Фотоальбом», «Менің елім — Қазақстан», «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан», «Жан жүрегім — Астана», «Астана хикаялары», «Жаңа заман сәулеті», «Астана». т.б әдебиеттер көрермендер назарына ұсынылды.
Ару қала — Астана.
Аспанмен таласқан биік қала,
Арманға айналған сүйікті Астана.
Жайнаған көктемдей гүлденіп тұр,
Тәуелсіз елдің тірегі — бас қала!
4 шілде күні 2 филиал ауылдық кітапханасында 6.шілде Астана күніне орай «Сарыарқа төріндегі әсем Астана» атты әдеби дайджест ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқырмандарды Отанын сүюге, ел тарихын білуге, Астана қаласына, еліне деген құрмет, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
1 шілде — Ұлттық домбыра күні
2018 жылдан бастап шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып аталып келеді. Домбыра бейнесі қазақ поэзиясында ежелгі жыр-дастандардан бүгінгі жас толқынға дейін жырланып келе жатқан мәңгілік тақырып. Қасиетті қара домбыра көнеден қалған асыл мұрамыз, көзіміздің қарашығы әрі ұлттық кодымыздың айнымас бөлігі. Ұлттық аспаптың шығу тарихы мен түрлері, сонымен қатар танымал домбырашылар жайында Руханият орталығындағы аудандық кітапханада «Домбырам — асыл мұрам» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«Қазақ баспасөзінің бір қайнар бұлағы» 24 маусым Журналистика күні.
Құрметті журналистер қауымы! Сіздерді 24 маусым – Журналистер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ақпарат майданында аянбай еңбек етіп, халықтың сенімді сөзіне айналған, шындықтың шырағын жағып, елдің үнін жеткізіп жүрген сіздердің еңбектеріңіз – баға жетпес байлық. Қоғам мен билік арасындағы алтын көпір болып, елдің жаңалығын дер кезінде таратып, өзектіні өткір көтеріп, әділдіктің туын желбіретіп жүрген кәсіби шеберліктеріңізге алғысымыз шексіз. Сіздерге шығармашылық шабыт, батылдық пен биік бедел, денсаулық пен отбасылық амандық тілейміз! Қаламдарыңыз ұштала берсін, әрбір ақпаратыңыз елге пайдалы, халқымыз үшін маңызды бола берсін! Журналистер күні құтты болсын!
23 МАУСЫМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ел мүддесі бәрінен биік — бұл мемлекеттік қызметшінің басты принципі»атты Библиофрешті назарларыңызға ұсынамыз. Мемлекеттік қызмет жоғары біліктілікті, адамдарға қызмет етуге деген шынайы ұмтылысты, сондай-ақ әрқашан адалдық пен әділдік қағидаттарына берік болуды талап етеді. Азаматтардың сенімі мен елдің дамуы мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен бастамашыл болуына тікелей байланысты. Барлық мемлекеттік қызметшілерді мерекемен құттықтаймыз. Зор денсаулық, амандық және жаңа жетістіктер тілейміз!
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» сыншы, ғалым, ұстаз Рымғали Нұрғалиевтің 85 жыл толуына орай виртуалды көрмені назарларыңызға ұсынамыз.
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен жазушы, драматург қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, прозашы Тынымбай Нұрмағанбетовтың туғанына 80 жыл толуына орай » Қазақ әдебиетінің бағы» атты әдеби сағаты өткізілді.Жас оқырмандарға жазушының өмірімен шығармашылығымен тереңірек таныстырылды.Мақсаты: оқырмандардың әдебиет әлеміне қызығушылығын арттырып, рухани байлығын кеңейту, жазушының көркем шығармалар аркылы адамгершілік, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
АҚЫН, ЖУРНАЛИСТ ЗОРДАН САЛЫҚБАЙҰЛЫНЫҢ “УАҚЫТ ҚАЙТА ОРАЛМАЙДЫ” АТТЫ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Бүгін “Руханият” орталығындағы кітапхананың ұйымдастыруымен талантты ақын, журналист Зордан Салықбайұлының “Уақыт қайта оралмайды” атты кітабының тұсау кесер рәсімі өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Ғани Кенжеғараұлы және Зордан Салықбайұлымен қызметтес болған ардагерлермен қатар көзін көрген достары қатысып естеліктерімен бөлісті. Ақынның жары Дина Нұржанқызына сөз беріліп, жаңа кітаптың тұсауы кесілді.
Руханият орталығындағы аудандық кітапханада “Заң және тәртіп апталығы” акциясының “Адалдық күні” аясында “Сыбайлас жемқорлық пен күрес – ортақ парызымыз” атты ашық есік күні өткізілді.
Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Руханият» орталығына саяхаттап келген демалушы балаларға «Жаз қызығы шақырады» тақырыбымен танымдық ойындар өткізілді. Мақсаты балалардың демалысын тиімді пайдалануға бағыттау.
Мәденпет ауылдық кітапханасында талантты композитор, күміс көмей әнші, замана бұлбұлы көрнекті қоғам қайраткері Нардай Алыпқашұлы Бекежановтың 135 жылдығына арналған «Белгілі қазағымның Нартайымын» атты тұлға тану сағаты өткізілді. Мақсаты: Ақын, драматург, қоғам қайраткері Нардай Бекежановтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақты елжандылыққа, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.
Таң ауылдық кітапханасында «Жазғы демалыс жақсы кітаппен» атты ақпараттық — танымдық шарасын өткізілді.Шара барысында ертегілер, әдеби авторларды насихаттау мақсатында кітапты қалай ұқыпты да таза пайдалануға негізделген. «Ойлан, тап, бейнеле», «Қай кітаптан үзінді» т.б қызықты ойындар ойнатып, кітапхана қорымен таныстырылды.
Есет батыр ауылдық кітапханасында «Жолдау- ел ертеңінен бағдары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты –Ел дамуының жаңа бағытын айқындайтын жолдаудағы маңызды мәселелерді зерделеп, ғылыми тұрғыда тұжырым жасап, қоғамға нақты дәлелдерімен толықтай түсіндірудің жолдарын қарастыру. Дөңгелек үстелде Жолдаудың негізгі бағыттары мен бастамалары түсіндіріліп, қатысушылар арасында ашық пікір алмасып, қоғамның дамуына қатысты ортақ көзқарас пен ұсыныстар қалыптастырылды.
31 мамыр Саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай аудандық кітапханала «Қуғын -сүргін құрбандары- Алаш жұртының зиялылары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Руханият орталығында кітапханада «Жүрек жылуы» жобасы аясында «Балаға мейірім сыйла» атты ерекше балалармен кездесу кеші өткізілді. Кеш барысында ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар өздері жасаған қолбұйымдарын таныстырып, “ Әзілді сезіну “ атты тренинг ұйымдастырылды.
Таң ауылдық кітапханасында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Отанды қорғау қасиетті парыз « атты тақырыпта №118 орта мектебінің мұғалімі Нұрбек Темірбекұлымен сыр — сұхбат өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Отан қорғаушылар күні туралы түсінік беру, әскери-патриоттық тәрбие арқылы жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, жауапкершілік сезімін қалыптастыру және әскери мамандыққа қызығушылықты ояту.
Таң ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, тарихи романдардың көш басшысы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің алтын қазынасы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқырманқ ауымға Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыра отырып, оның қазақ тарихи туындылары арқылы рухани құндылықтарды насихаттау. Әдеби кеш барысында жазушының «Көшпенділер» трилогиясы мен басқада көрнекті еңбектеріне шолу жасалып, қатысушылар жазушының рухына арналған өлеңдер оқып, ой бөлісті.
1941 -1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай аудандық кітапханада «Майданда туған жырлар» атты сайыс өткізілді. Қатысушылар 2 кезең бойынша бақ сынасты. Мақсаты өскелең ұрпақ арасында патриоттық тәрбиені дамыту және тарихи жадыны сақтау.
Таң ауылдық кітапханасында «Адалдық — жемқорлыққа қарсы қару « атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ,адалдық пен парасаттылық құндылықтарын насихаттау
Есет батыр ауылдық кітапханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында «Жемқорлық індет- күресу міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, дүниетанымдарын кеңейту, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау, әділдікке шақыру. Іс-шараға ауыл әкімшілігі және мәдени қызметкерлер қатысты.
Далдабай ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлттық кітап күніне орай «Кітап толы терең сыр парасатқа» атты Book travel ( кітап әлеміне саяхат) өткізілді. Мақсаты: Оқырманның кітапқа деген ерекше көзқарасын қалыптастыру. Әрбір тұлғаның ой-өрісін кеңейтіп, білім алудағы кітаптың маңыздылығын айқындау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.
Ақсу ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Отбасылық оқу: ұмытылған дәстүр ме, әлде мәңгілік құндылық па?» тақырыбында 4-5сынып оқушыларының ата -аналарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: оқырмандарды отбасымен кітап оқуға дәріптеу, кітаптың адам өмірінде маңызын көрсету. Іс-шара барысында оқыған кітаптарын әңгімелеп, алған әсері туралы айтып, оқушылар сүйікті жазушыларының өлеңдерін оқыды.
Еңбек ауылдық кітапханасының ұйымдастырумен ауылдың спорт алаңында «Бақытым да, байлығым да-денсаулық» атты денсаулық сағаты өткізілді. Алдымен оқушыларға денсаулықты қорғау, сақтау жайлы мағлұматтар айтылды. Кейін оқушыларды «Жалын» және «Жігер» атты екі топқа бөліп, топтық сайыстар өткізілді. Оқушылар белсенді қатысып,қызықты эстафета болды. Мақсаты: Спорттық сайыстар арқылы балалардың денсаулығын жақсарту.
Еңбек ауылдық кітапханасында «Ең жас оқырман» атты кездесу өтті. Кітапханаға ең жас оқырмандарды шақырып, өздері сүйіп оқитын кітаптарды, жаңадан келген кітаптар мен ертегілер, әдеби кітаптар қойылған кітап көрмесімен таныстыру өткізілді. Ертегі кітаптардағы әртүрлі кейіпкерлерді талдап, кітапхананың ең жас оқырмандары ертегілерді оқып беріп, мазмұндады. 4- сынып оқушылары, әңгіме-ертегілерді минутқа оқып жарысты. Кеш соңында өздері ұнатқан кітаптарды таңдап, үйге оқуға алып кетті. Кездесу көңілді әрі қызықты өтті. Мақсаты: Ұлттық кітап күні туралы оқырмандарға таныстыру. Кітап оқуға шақыру,оқырмандарды кітапханаға тарту, баулу.
Еңбек ауылдық кітапханасында Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің туғанына-100 жыл толуына орай «Күй-қазақтың қанаты» атты мерекелік кеш өтті. Нұрғиса Атабайұлы қазақтың музыкалық мәдениетіне композитер,дирижер,орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Өнер әлемінде өшпес із қалдырған Нұрғиса Тілендиев жайлы көптеген мәліметтер берілді. Оқырмандар өз ойларымен бөлісіп, есте қалған туындылары жайлы сөз етті. Кеш соңында құлақтан кіріп бойда алар, әсем әнмен тәтті күй демекші, Мәдениет үйінің домбырашылар үйірмесінің шәкірттері әсем күй орындап, жүрекке жылу сыйлады. Мақсаты: Н.Тілендиев өмірбаянымен таныстыру. Оқырмандардың қазақ композиторлары, аспаптық музыкасы жайлы білімдерін толықтыру. Композитордың шығармаларына көзін қанықтыру, таныстыру.
Қаракеткен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлттық кітап күніне орай «Ашық аспан аясында-Кітапхана» атты дауыстап оқу өткізілді. Балалар таза ауада өздерінің сүйікті ойындарын ойнап, ертегі әлеміне еніп, қызықты уақыт өткізді.
Қаракеткен ауылдық кітапханасы «Кітап – өмір ұстазы» атты оқырман бенефисі ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – кітап оқудың маңыздылығын насихаттау, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, рухани байлық пен білімнің қайнар көзі саналатын кітаптың құндылығын ұғындыру болды.
Балалар кітапханасында «Ертегілер әлемі» тақырыбымен «Ақбалжан» бөбекжай бақшасының тәрбиеленушілері келіп «Алдар көсе» ертегісін сахналады. Мерекеге орай кітапхана қорына кітап сыйға тартты.
Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Жүр, досым, кітапханаға» Кітап timе өткізілді. Шарада «Менің сүйікті кітабым» кезеңінде өздеріне ерекше әсер сыйлаған кітаптарын талқылап ой бөлісті, және де дауыс беру арқылы көпшілікке ұнаған шығарманы анықтады.«Ертегі, аңыз, әңгіме — шертеді сыр төгіле» интеллектуалды шарасында өзара сайысып, үздік ойыншыны анықтады. «Мақал-мәтел сөз мәйегі» сайысында сан есімнен тұратын мақал-мәтелдер айтып жарысты.
Мәдениет ауылдық кітапханасында І. Ж Қабылов атындағы №32 мектеп- лицейидің 1 сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап – ғажайыптар әлемі» атты ашық есік күні өткізілді. Мақсаты: Кітапханамен таныстыра отырып, оқушыларды кітаптың маңыз мен оқудың кереметтігіне ынталандыру. Әдеби шығармашылықты дәріптеу және кітап оқуға деген сүйіспеншілікті арттыру.
Балалар кітапханасында «Ұлттық кітап күнінде — ұлық әннің тарихы» тақырыбында әдеби кейс өткізілді.Шара мақсаты балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, кітап күнінің маңызын түсіндіру. Балалардың нағыз оқитын кездерінде көркем әдебиетпен қатар ел тарихынан деректерді де білуге бағыттау. Акция аясында Жұмекен Нәжімеденовтің өлеңдерін оқып, шығармашылығынан постер құрады. «Менің Қазақстаным» әнінің шығу тарихымен таныса отырып, әнұранды шабытпен орындады.
Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Ескерткіштерді қорғау күніне орай аудан орталығындағы «Тағзым» аллеясында қоғам қайраткерлерінің бюсттері мен тарихи маңызы бар оқиғаларға қойылған монументальды ескерткіштердің тарихымен терең танысу мақсатында » Тұлға тарихы — ескерткіштерде» тұлға тану сағаты өткізілді.
Халықаралық балалар кітабының құдіреті шексіз ғой. Дәл осы күні мерекеге орай Қаракеткен ауылынан инклюзивті арнайы топтың балалары «Руханият» орталығына саяхатқа келді. Балаларды сергіту мақсатында «Ерекше күнде ерекше жандар» тақырыбымен мерекелік терапия өткізілді. Балаларға мереке туралы ақпарат берілді. Қызықты ертегілер оқылып, түрлі танымдық сергіту ойындары ұйымдастырылды.
23- сәуір- Ұлттық кітап күні аясында аудандық кітапханада «Кітаптар әлемі шақырады» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты: Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.