№ 2 филиал ауылдық кітапханасында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында таңдалған жазушы,қоғам қайраткері Т. Әлімқұловқа арналған «Жүрегіме жақын жырлар» атты таным сағаты ұйымдастырылды. Жазушының өмірі мен шығармалары таныстырылып, «Бір ел-бір кітап «акциясына арналған кітап көрмесіне шолу жасалды. Мақсаты: Жазушының шығармаларын насихаттау, жас ұрпақты кітап оқуға баулу, кітап оқудың тиімді, пайдалы тустарын насихаттау.
Ақсу ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Тәкен Әлімқұловтың шығармаларын насихаттау мақсатында №116 орта мектептің 9-сынып оқушыларының қатысуымен «Көркем туындылардың шебері» атты тақырыпта ақпараттық сағаты өткізілді.
Есет батыр ауылдық кітапханада «Бір ел — бір кітап»акциясы аясында қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдың ұлы ақыны Жұмекен Нәжімеденовтың шығармаларын насихаттау барысында «Көркем сөздің тарланы» атты мәнерлеп оқу өткізілді. Ж. Нәжімеденов қысқа өмірінің ішінде асқақ ақындығымен өшпейтін көркем туындылар қалдырған тұлғалы талант. Іс-шара барысында оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, өмір жолымен, шығармашылығымен танысып, бейнеролик тамашалады. Мақсаты: Қазақ поэзиясының кемеңгер тұлғасының терең шығармалары арқылы жастардың ұлтжандылық сезімін ояту, елін, жерін, туған тілін сүю – Отан алдындағы қасиетті борыштары екендігін ұғындыру.
Таң ауылдық кітапханасында кітап оқуды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ұлы жазушы, көркем сөздің шебері Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығына арналған «Көркем туындылардың шебері» атты дөңгелек үстел өтті.\Шара барысында қаламгердің өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен талқыланып, оның әдебиеттегі орны, тіл көркемдігі мен тақырыптық ерекшеліктері жайлы жан-жақты пікір алмасу болды. Мақсаты – жастарды кітап оқуға баулу, төл әдебиетімізді тереңірек тануға ынталандыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында көрнекті қаламгерлер Жұмекен Нәжімеденов пен Тәкен Әлімқұловтың шығармалары оқуға тыңдалды. Жас ұрпаққа қазақ поэзиясын жақындатып, олардың шығармашылығына терең бойлау арқылы қос ақынның кітаптарын насихаттау мақсатында “Қазақ әдебиетінің алтын қазынасы: Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденов” атты дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында оқушылар екі ұлы ақынның өмірбаяны мен шығармаларын талқылады.
Балалар кітапханасында «Бір ел – бір акция» аясында» «Суреткер жанының сыры» тақырыбында жазушының жары Есімкүл Әлімқұлованың жинақтауымен шығарылған 8 томдық жинағының кітап беташары өткізілді. Акция аясында осыншама дәрежеде халқымыздың сүйікті перзенттерінің образдарын сомдаған ұлы суреткердің шығармаларын ел болып оқуға насихатталды.Шарада әр томдық жеке таныстырылып, келесі басқосуда жазушының «Қос күйші» әңгімесін талқылауға ұсыныс тасталды.
Мәдениет ауылдық кітапханада І Ж Қабылов атындағы №32 мектеп-лицейдің 7сынып оқушыларының қатысуымен қазақ поэзиясының жарық жұлдызы, ұлтымыздың мақтанышы – Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Менің елім» атты поэзиялық өлеңдерін мәнерлеп оқу өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Ж Нәжімеденов өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып,терең ойға, ұлттық рухқа толы поэзиялық өлеңдерін мәнерлеп оқыту. Ізгілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.